Маңғыстау облысында үш баланың әкесі қорада асылып қалды

Маңғыстау облысында үш баланың әкесі қорада асылып қалды ©Timeskz.kz

Маңғыстау облысының Қарақия аудандық Жетібай ауылында үш баланың 26 жастағы әкесін асылып қалған күйі оның туыстары тауып алған, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қаза болған адамның денесінде мойнындағы асылу іздерінен басқа жарақат болмағанын анықтады. Полицейлерлер осыған байланысты ер адам өзін-өзі өлтірді деген тұжырымға келіп отыр.

Қаза болған азамат өлім алдындағы хатын қалдырмады, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Ақтаудағы 28 ықшамауданында 38 жастағы тағы бір ер адам асылып қалған. Оның денесінде де зорлық іздері анықталмады. Болған оқиға дерегіне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама