Маңғыстауда 6 оқушы уланып, ауруханаға түскен иіссулар рұқсатсыз сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда 6 оқушы уланып, ауруханаға түскен иіссулар рұқсатсыз сатылған © park-parfum-opt.ru

Маңғыстау облысында алты оқушы уланып, ауруханаға түскен иіссулар рұқсатсыз сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Милибаева Рабиға мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында алты оқушы уланып, ауруханаға түскен иіссулар рұқсатсыз сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Милибаева Рабиға мәлімдеді.

"Тексеріс барысында Dalal парфюмерлік суы "Ясин" дүкенінен оқушының ағасы сатып алған. Сонымен қатар, парфюмерлік су осы тауардың қауіпсіздігін растайтын рұқсат қағазынсыз сатылған. Осы тауар зертханалық сараптамадан әлі де өтіп жатыр. Егер тауар зертханалық тексерістерден соң зиянды екені расталса, арнайы шаралар қолданылатын болады", - деді Милибаева.

Еске салайық, төтенше жағдай Маңғыстау облысы Шетпе ауылының Меңдалыұлы атындағы орта мектепте болған. Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаеваның айтуынша, 17 қазанда сағат 17:30-да 6 оқушы қыз өздерін нашар сезінген. "Олардың көздері қызарып, қол аяқтары дірілдей бастаған. Олардың ата-аналары ескертіліп, дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Сол жерде алғашқы көмек көрсетілген, сағат 20.00-дер шамасында балалар өздерін жақсы сезініп, артынша үйлеріне жіберілді. Балалардың айтуынша, қыздар жақын жердегі дүкеннен шарлы иіссу сатып алып, ішке алып кіріп кезекпен себе бастағанда пайда болған", - деді Гүлмира Мамаева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети