Маңғыстауда өртенген машина шекарашылардың көлігі болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда өртенген машина шекарашылардың көлігі болып шықты © lada.kz

Маңғыстау облысында өртеніп кеткен жүк көлігі шекара қызметіне тиесілі болған, - деп хабарлайды "Лада" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында өртеніп кеткен жүк көлігі шекара қызметіне тиесілі болған, - деп хабарлайды "Лада" порталы.

Жүк көлігінің Ақтау - Форт-Шевченко тас жолының 38-шақырымында түгі қалмай жанып кеткені белгілі. Өрт туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 10 қазан күні сағат 09.42-де түскен. Өрт сөндірілгеннен кейін HOWА жүк көлігінің ҚР ҰҚК 2025 әскери бөліміне тиесілі екені анықталды. Сонымен қатар, жүк көлігінің Ақтаудан Бейнеуге азық-түлік пен киім-кешек тасымалдағаны белгілі болып отыр. Өрттің неден шыққаны әзірші белгісіз. Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін куәгердің Маңғыстау облысында жүк көлігінің өртенген сәтін видеоға түсіріп алғаны хабарланған болатын. Тілсіз жау көліктің кабинасынан басталып, кейін барлық жерді жайпаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети