Маңғыстауда түйе жол апатына себепші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда түйе жол апатына себепші болды © Diapazon.kz

Маңғыстау облысындағы "Шетпе-Жыңғылды" автожолының Маңғыстау ауданындағы бөлігінде болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, Ақтау қаласының 21 жастағы тұрғыны Daewoo Nexia көлігін жүргізіп келе жатып, жол бойына шыға келген түйені соққан. "Жол-көлік оқиғасының салдары ауыр болды: жеңіл көліктің жүргізушісі мен 51 жастағы жолаушы әйел - Өзбекстан азаматшасы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы - 20 жастағы жігіт жабық бассүйек-ми жарақатымен, миы шайқалып және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады басылым тілшілеріне жол-патрульдік полициясының қызметкерлері.

Жол апатына себепкер болған түйе өлді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети