Маңғыстауда жол апатынан төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда жол апатынан төрт адам қаза тапты © lada.kz

Жаңаөзен қаласынан 10 шақырым жерде жол апатынан төрт адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Қайғылы оқиға 11 тамызда кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды "Лада" өңірдегі ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңаөзен-Қуанды тас жолында жол талғамайтын Mitsubishi Pajero көлігімен "Лада ВАЗ-2115" жеңіл автокөлігі соғысқан.

"Шамамен 21.00-де өрт сөндіру қызметінің пультіне жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына бір арнайы техника барды. Жол апаты болған жерде "Лада ВАЗ-2115" көлігінің ішінде төрт адамның өлі денесі табылған. Оларды арнайы құрылғылармен эвакуацялады", - делінген хабарламада. Жарақат алған тағы екеуінің жағдайы туралы әзірше мәлімет жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети