15 қыркүйек 2015 | 15:13

Мәншүк Мәметованың ескерткішін көлігімен соққан депутатқа жаза тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол апатынан кейінгі Аманкелді Таспиховтың автокөлігі. © Tengrinews.kz Жол апатынан кейінгі Аманкелді Таспиховтың автокөлігі. © Tengrinews.kz

Оралда бұрынғы мәжілісмен және қазіргі мәслихат депутаты Аманкелді Таспиховқа Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне соғылғаны үшін 20 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оралда бұрынғы мәжілісмен және қазіргі мәслихат депутаты Аманкелді Таспиховқа Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне соғылғаны үшін 20 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сот алдында жауап берді. Ер адам 26 шілде күні орталық алаңдардың біріне "атып шығып", ескерткішке соғылды. Оқиғадан адам шығыны болған жоқ, бірақ ескерткіш қоршауларын жөндеуге тура келді.

Депутат жол апатына қатысты түсінік беріп, ол кезде өзін нашар сезініп, талып қалғанын айтты. Басқарусыз қалған оның көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, көше қиылысынан бірақ шыққан. Сөйтіп алаңға жеткен автокөлік ескерткішке барып соғылды. Алайда сот оның айтқандарын дәлелсіз деп танып, 10 АЕК көлемінде, яғни 19 820 теңге айыппұл төлеу туралы қаулы шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети