Айтжан Өтешов. Сурет КТК телеарнасы кадрынан алынды.
Марқұм Айтжан Өтешов Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісіне қатысты куәгерлердің тізімінде болмаған. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жеткізді. "Айтжан Өтешов аталған қылмыстық іске (Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы) тартылған куәгерлер тізімінде тіркелмеген" дейді соттағылар. Алдында "Атырау-Ақпарат" медиа-холдингінің бұрынғы бас есепшісі Айтжан Өтешов асылып, көз жұмды деп хабарланған болатын. Ақпарат дәйегінде ол Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісіне куәлік беруші болуы мүмкін деп көрсетілген. Бергей Рысқалиев сыбайлас-жемқорлық және экономикалық қылмыс жасады деп айыпталады, мемлекетке жалпы сомасы 71 миллиард теңге көлемінде шығын әкелген. Қаржы полициясы оның 23,6 миллиард теңгесін ел қазынасына қайтара алды. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-әкімнің ұйымдасқан қылмыстық тобы құрамына 30 адам енеді. Оның 23-інің үстінен қылмыстық іс қозғалған, қаңтарда сот процестері де басталып кетті, 22 адам жауапқа тартылып жатыр. Бергей Рысқалиевтің өзіне, оның ағасы, экс-депутат Аманжан Рысқалиға және оның тоғыз сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған. Қылмыстық іс 777 томнан тұрады. Аталған іс бойынша шамамен 400 куәгерден куәлік алынады деп жоспарланған, ал айыптау қорытындыларының өзі 52 томды құрайды екен.
Марқұм Айтжан Өтешов Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісіне қатысты куәгерлердің тізімінде болмаған. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жеткізді.
"Айтжан Өтешов аталған қылмыстық іске (Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы) тартылған куәгерлер тізімінде тіркелмеген" дейді соттағылар.
Алдында "Атырау-Ақпарат" медиа-холдингінің бұрынғы бас есепшісі Айтжан Өтешов асылып, көз жұмды деп хабарланған болатын. Ақпарат дәйегінде ол Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісіне куәлік беруші болуы мүмкін деп көрсетілген.
Бергей Рысқалиев сыбайлас-жемқорлық және экономикалық қылмыс жасады деп айыпталады, мемлекетке жалпы сомасы 71 миллиард теңге көлемінде шығын әкелген. Қаржы полициясы оның 23,6 миллиард теңгесін ел қазынасына қайтара алды. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-әкімнің ұйымдасқан қылмыстық тобы құрамына 30 адам енеді. Оның 23-інің үстінен қылмыстық іс қозғалған, қаңтарда сот процестері де басталып кетті, 22 адам жауапқа тартылып жатыр. Бергей Рысқалиевтің өзіне, оның ағасы, экс-депутат Аманжан Рысқалиға және оның тоғыз сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған.
Қылмыстық іс 777 томнан тұрады. Аталған іс бойынша шамамен 400 куәгерден куәлік алынады деп жоспарланған, ал айыптау қорытындыларының өзі 52 томды құрайды екен.