"Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған қызды ауруханадан шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған қызды ауруханадан шығарады видеодан үзінді

Алматыда "Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған қызды ауруханадан шығарады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Март" сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған қызды ауруханадан шығарады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Ведомство мәліметінше, қыздың денсаулығының жақсаруына байланысты бүгін, 2017 жылдың 3 қарашасында қызды ауруханадан шығару жоспарланып отыр. 

Осыған дейін екі жасар баланың жағдайы ауыр екені хабарланған еді. Сәби жансақтау бөліміне түскен болатын. 

№1 балалар клининкалық ауруханасына түскен балның диагнозы мынадай еді: ауыр жарақат алған, бас сүйек миы қатты зақымданған, маңдайындағы сйектері сынған, субдуральді гематома, аяғы, саусақтары сынған, ішкі ағзасы  және кеудесі зақымданған.

Еске салайық, 12 қазанда Түрксіб ауданындағы "Март" сауда орталығында төтенше жағдай болған - бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Әйел адам айғайлады. Барлығы сонда жүгірді. Бір бала бесік арбада болған, ал екіншісін көтеріп келе жатқан. Ол төртінші қабатқа эскалатормен көтеріліп келе жатқанда қолындағы баласы құлап кеткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети