Мас жолаушы Нұр-Сұлтаннан шыққан пойызды стоп-кранды басып тоқтатқан

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мас жолаушы Нұр-Сұлтаннан шыққан пойызды стоп-кранды басып тоқтатқан Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Нұр-Сұлтан - Нұрлы-Жол - Алматы-2" пойызында мас ер адам стоп-кранды басып пойызды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұр-Сұлтан - Нұрлы-Жол - Алматы-2" пойызында мас ер адам стоп-кранды басып пойызды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 қыркүйекте Жамбыл облысының Бурылбайтал-Қарасай учаскесінде болған. Салдарынан пойыз жоспардан тыс 4 минут аялдама жасаған.

Көлік полициясы тексеру кезінде заңсыз әрекет жасаған жолаушыны анықтаған. Ол - Түркістан облысының 42 жастағы тұрғыны. Полицейлер ер адам ішімдік ішкенін және мас күйде стоп-кранды жұлып алғанын анықтаған.

"Құқық бұзушыны пойыздан шығарып, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы 1-бөлігі ("Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік хаттама жасады" - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері осындай 27 оқиға тіркелгенін айтты.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабына сәйкес пойызды заңсыз тоқтату жеке тұлғаларға бес АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети