05 қараша 2014 12:44

Мас жүргізуші Алматы ауруханасы үшін түнімен кезекшілік атқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда медициналық арнайы көліктің мас жүргізушісі қалалық төртінші аурухана үшін түнімен кезекшілік атқарды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Полицейлер көлікті Тимирязев көшесінің Есентай өзенімен қиылысатын тұсында жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Жүргізуші қосарлы жалпақ жолды жалтылдақ жарықсыз кесіп өткен.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге жақындаған кезде одан спиртті ішімдіктің иісі шығып тұрғанын сезді. "Арақ іштің бе" деген сауалға ер адам "жоқ" деп жауап берді. Бірақ сараптама оның алкогольден орташа деңгейде мастанғанын анықтады: 2,67 промилле, содан кейін жүргізуші сыра ішкенін мойындады.

Автокөлікте болған төртінші аурухананың медбикесі медициналық көліктің науқастан қан алу үшін жолға шыққанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, ол жүргізушінің мас екенін білмеген. Медбикенің айтуынша, экипаж түні бойы кезекшілік атқарды. "Бұл - мамандандырылған автокөлік кәсіпорнының қызметкері, машина да солай. Ол біздің қызметкер емес, машина ауруханаға қарамайды, ол бізге қызмет көрсетеді - біз оны жалға аламыз. Түнде осындай жағдай болды дегенді хабарлағаннан кейін, әрине, біз автокөлік кәсіпорнына өтініш жасап, ол басқа жүргізушімен ауыстырылды", - деді қалалық төртінші аурухананың бас дәрігері Әнуар Аманов. Ол дәрігерлер жолға шығар алдында жүргізушіні тексеріп алмағанын айтты, себебі машина автокөлік кәсіпорны базасынан тікелей жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети