Барнауылда жергілікті мектептің оқушы қыздары сыныптасын соққыға жығып, интернетте трансляция жүргізген, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Алтайпресс" басылымына сілтеме жасап.
Барнауылда жергілікті мектептің оқушы қыздары сыныптасын соққыға жығып, интернетте трансляция жүргізген, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Алтайпресс" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметтері бойынша, 14-15 жастағы мас қыздар сыныптас қызды ұрып-соққан. Видеодан екі қыздың бір қызды бетінен тепкілеп, жерде жатқан жерінен шашынан сүйреп тұрғызып, тасқа соғып, басынан жұдырықтап, бетіне түкіргенін көруге болады. Олар оқиға кезінде ішімдікті ішуді доғармаған.
"ВКонтакте желісіндегі Barnaul 22 қалалық қауымдастығында куәгерлердің айтуы бойынша, бұлар Барнауылдағы №114 мектептің оқушылары. Сонымен қатар, олардың сөзіне қарағанда, оқиға жігіт үшін болған", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Алтай өңірі бойынша Тергеу комитетінің басқармасы тергеу шарасын бастады, оның нәтижесі бойынша процесуалдық шешім қабылданады.