Мәскеу метросындағы апат салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, 120-дан астам адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости. Төтенше оқиғаға қатысты бұл жаңа мәліметтерді РФ Денсаулық сақтау министрлігі жария етті.
Мәскеу метросындағы апат салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, 120-дан астам адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости. Төтенше оқиғаға қатысты бұл жаңа мәліметтерді РФ Денсаулық сақтау министрлігі жария етті.
Бүгін таңертең Мәскеу метросының "Парк Победы" және "Славянский бульвар" станциялары арасындағы өткелде үш вагон рельстен шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, кернеудің күрт артып кетуі, бірақ бұл болжам әзірше расталған жоқ. Тергеу комитетінің өкілдері пойыз машинисінің табылмағанын айтты, апат кезінде оның да қайтыс болуы мүмкін. Тергеушілер оқиғаның лаңкестік әрекет емес екенін айтты.
Денсаулық сақтау министрлігі мамандары метродағы апат салдарынан оқиға орнында 19 адамның қаза тапқанын хабарлады, тағы бір адам ауруханаға келген соң жан тапсырған. Барлығы 129 адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың 42-сінің жағдайы ауыр деп отыр. Құтқарушылар қаза тапқандардың мәйітін вагондардан әлі шығарып жатыр, демек құрбандардың саны әлі де нақтыланатын болады.
Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин қайғылы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Ол бұл оқиға жауапты тұлғаларды жұмыстан кетіруге, сондай-ақ қылмыстық істер қозғауға себеп болатынын айтты. Мәскеу билігі 16 шілдені метрополитенде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды.