Мәскеу метросындағы төтенше оқиғадан үш адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу метросындағы төтенше оқиғадан үш адам қайтыс болды ©Алексей Нарышкин

Мәскеу метросында вагондар рельстен шығып кетіп, соның салдарынан үш адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу метросында вагондар рельстен шығып кетіп, соның салдарынан үш адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Апат орнындағы жедел штаб өкілінің мәліметінше, оқиғадан тағы 30 адам зардап шеккен. Оның оны ауруханаға жеткізілді. Мәскеу қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары оқиғаның алдын ала себебі ретінде метроның станциялар арасындағы өткелінде жалған дабылдың іске қосылуын атап отыр. Содан кернеу күрт төмендеп, электр пойыз оқыс тоқтаған. 

Ал Мәскеу әкімшілігінің өкілдері вагондардың рельстен шығып кетуінен барлығы 500 адам зардап шекті деп отыр, олар "ауыр емес" жарақат алған. Оқиға орнына қала мэрінің орынбасары Леонид Печатников келді. Ол әзірше қайтыс болғандар туралы ақпаратты білмейтінін айтты. Ал денсаулық сақтау департаментінің басшысы Георгий Голуховтың айтуынша, қайтыс болғандардың саны - екеу, ал медициналық көмекке жүгінгендердің қатары - 80-ге жуық. Оқиға орнында "жедел жәрдемнің" 60 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер №36 қалалық ауруханаға тікұшақпен жеткізіліп жатыр.

Мәскеу метросы сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта "Парк Победы" станциясынан "Молодежная" станциясына дейінгі аралықта қозғалыс тоқтатылған. Оқиға орнынан 200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен бірге, метроның түтіндеуіне байланысты "Славянский бульвар" және "Парк Победы" станцияларының жабылғаны хабарланып отыр. Түтіндеудің себебі анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети