Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мәйіті өрт орнынан табылған әйелдің өліміне күдікті ұсталды

10 Қыркүйек 2014, 14:16
0
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко

Павлодар облысында өрт орнынан табылған әйел адамның көмілген мәйітіне қатысты күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт 7 қыркүйекте болған еді.

"Табылған мәйіт - Павлодардың 1957 жылы туған тұрғынынікі, із-түссіз жоғалып кеткендіктен осы жылдың 28 тамызында бұл әйелге іздеу жарияланған", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Полицияның мәліметінше, әйел кісі қолынан өлген. "Бұл дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ер адам ұсталды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Павлодар тұрғынының жоғалып кеткені туралы ақпарат 3 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін қолданушылардың бірі әйелді өз үйіне сол күні жеке жүргізушісінің жеткізіп тастағанын жазды. Содан кейін әйелді ешкім көрмеген.

Еске салайық, көмілген мәйіт Павлодар - Шербақты тас жолының 35-шақырымындағы орманды алқапта болған өрт орнынан табылды. Полиция күдіктінің бұл жерді қылмысты жасыру үшін өртеуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тілсіз жау көп ұзамай ауыздықталды, алты гектар жер жанып кеткен. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай