Маза бермейтін такси жүргізушілеріне 2,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маза бермейтін такси жүргізушілеріне 2,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды © izvestia.ru

Жыл басынан бері көлік полицейлері маза бермейтін такси жүргізушілеріне 2,5 миллион теңгеден аса көлемде айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше ай ішінде 242 такси жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал азаматтарға маза бермеген сегіз жүргізуші әкімшілік қамауға алынады.

"Биыл 12 шілдеде полицияға Алматы әуежайынан 33 жастағы әйел хабарласып, белгісіз бір адамның әуежай аумағында маза бермей, такси қызметін ұсынғаны туралы хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Алматы қаласының 1977 жылы дүниеге келген тұрғынын ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы бойынша ("Қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу") әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, көлік полициясындағылар осы жыл ішінде азаматтарға маза бермейтін такси жүргізушілерінің әрекеттері қайталанатын жағдайда әкімшілік жаза қолданылатынын ескертті. Яғни, құқық бұзушыларға 10 айлық есеп көрсеткішінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети