Мәжіліс ғимаратындағы суицидтен соң лауазымды тұлғалар жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс ғимаратындағы суицидтен соң лауазымды тұлғалар жұмыстан қуылды ©Тengrinews.kz

Парламент Мәжілісі ғимаратында полицейдің өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап қайтарған ҚР Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Нұрділда Ораз айтты.

"Әкімшілік полиция комитеті мен Өзіндік қауіпсіздік департаменті Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полк қызметкерінің суициді дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізді", - деді ол.

"Тексеру нәтижесі бойынша жеке құраммен жеткілікті жұмыс жүргізбегені және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін полк басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бірқатар лаузымды тұлға атқарып отырған қызметінен босатылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Нұрділда Ораз.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 2 тамызы күні Парламент Мәжілісінің ғимаратында ҚР ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкының 1 батальоны қызметінің инспекторы - 1990 жылы туған полиция лейтенантының мәйіті табылған болатын. Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев бұл дерек бойынша тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети