Медеу шатқалында 32 жастағы әйелдің өртенген денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлердің болжамынша, әйел өзіне қол салған.
Медеу шатқалында 32 жастағы әйелдің өртенген денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлердің болжамынша, әйел өзіне қол салған.
"Кеше сағат 17.54-те Жедел басқару орталығына таудың шығыс бөктерінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерге жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйелдің өртенген денесін тауып алды. Оның аты-жөні дереу анықталды. 1984 жылғы әйел Алматыдағы Бостандық ауданының тұрғыны болып шықты", - деді қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Полицейлердің мәліметінше, оқиға болған жерден металл канистр мен жанармай қалдығы табылған.
"Бұл дерек Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеуге алынды. Оқиғаның мән-жайы толық анықталады. Әйелдің туыстары оның осыған дейін бірнеше рет өзіне қол жұмсайтынын айтқанын және күйзелісте болғанын жеткізді", - деді Әзірбек.
Сонымен қатар, қайтыс болған әйелдің Алматыдағы фитнес-залдардың бірінде жұмыс істегені белгілі болды.