Қостанайда өлтірілген мектеп оқушысы қамқоршыcымен бірге тұрған. №11 мектеп директоры Гүлмира Ильясованың айтуынша, ол көңілді және ақ жарқын қыз болатын, - деп хабарлайды Аlau.kz.
Қостанайда өлтірілген мектеп оқушысы қамқоршыcымен бірге тұрған. №11 мектеп директоры Гүлмира Ильясованың айтуынша, ол көңілді және ақ жарқын қыз болатын, - деп хабарлайды Аlau.kz.
9-сынып оқушысы сол күні үйіне жаттығудан келген. Ол волейбол мен регбиге қатысқан.
"Не болғанын білмейміз. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қыз жақсы оқитын, тәртібі де жақсы болатын. Ұзын бойлы, әдемі болатын. Мектептегілер мен оқушылар барлығымыз есеңгіреп қалдым. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Сұмдық жағдай. Барлығымыз көңіл айтамыз", - деді Гүлмира Ильясова.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда белгісіз біреулердің оқушы қызды өлтіріп кеткені хабарланған болатын.