"Мектепке кетіп, оралмады". 13 жастағы жоғалған қыз Шымкенттен табылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мектепке кетіп, оралмады". 13 жастағы жоғалған қыз Шымкенттен табылды Сурет: polisia.kz

Мақтааралдық полицейлер 13 жастағы жоғалған қызды Шымкенттен тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақтааралдық полицейлер 13 жастағы жоғалған қызды Шымкенттен тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жүгінген. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған қызы үйден таңғы сағат 08:00 шамасында шығып кеткен. Ол мектепке кітап өткізуге кетіп, қайта оралмаған. Өзі іздеп таппаған соң полицейлерден көмек сұраған. Осы жайтты естіген бойда полицейлер жедел оқиға орнына жеткен. Олар тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білгендерден жауап алған.

Ақпарат көздері арқылы жасөспірімнің Шымкент бағытына белгісіз көлікке мініп кеткені анықталған. Ал тәртіп сақшылары жасөспірімнің дін-аман табылуы үшін іздестіруді Шымкентте жалғастырған.

Полицейлер екі күн бойы тыңғылықты жұмыс атқарған. Нәтижесінде 13 жастағы қызды Шымкентте қыдырып жүрген жерінен тапқан. Қыздың кетіп қалуына үйдегі жанжал себеп болған.

"Аудандық полиция қызметкерлеріне қызымның жоғалғанын айтып, тауып беруін сұраған едім. Олар кәмелет жасына толмаған қызымды Шымкент қаласында жүрген жерінен тауып берді", - дейді табылған қыздың анасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети