07 ақпан 2021 | 12:28

Мектепке мас күйде келген қызылордалық әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Қызылордада екі баласын қараусыз қалдырған қызылордалық әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада екі баласын қараусыз қалдырған қызылордалық әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 3 ақпанда Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдарының біріне 1979 жылы туған азаматша масаң күйде келіп, мекемедегілердің мазасын алған. Бұл дерек бойынша әйел адамға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Реклама
Реклама

"Мектеп әкімшілігі мен тәртіп сақшылары азаматшаның тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында жоғарыда көрсетілген азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласының қараусыз, әрі қадағалаусыз қалғанын анықтады. Осыған орай, әйелдің кәмелетке толмаған алты жастағы қызы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, бір жарым жастағы қызы көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды. Тексеру барысында 42 жастағы азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін үш рет хаттама толтырылғандығы анықталды", - делінген хабарламада. 

Бүгінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері әйел адамды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу мәселесін шешу үшін қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына құжаттар жинақтап жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная