09 сәуір 2015 | 13:53

Мектептегі төтенше жағдай: Қарағандының оқушылары оқу бөлмесіне түтіндету құтысын лақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©guns.allzip.org ©guns.allzip.org

Қарағанды облысындағы орта мектептегі физика кабинетіне түтіндету құтысы лақтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім беру мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына сілтеме жасап. Бөлме ішінде оқушылар мен мұғалім болған. Оқиға 8 сәуірде болды.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысындағы орта мектептегі физика кабинетіне түтіндету құтысы лақтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім беру мекемесі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына сілтеме жасап. Бөлме ішінде оқушылар мен мұғалім болған. Оқиға 8 сәуірде болды.

Тоғызыншы сыныптың үш оқушысы мектепке қолдан жасалған түтіндету құтысын ішінде 10 оқушы мен психолог болған физика кабинетіне лақтырды. Оқушылар сыныптан жүгіріп шыққан. Мектепте болған төтенше жағдайға қарамастан, жалпы эвакуация жасалмаған.

"Оқушылар жәй ғана қызықтаған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін олар аудандық білім беру бөліміне жеткізілді. Олар қашқан жоқ. Олардың оқу үлгерімі орташа", - деді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Қарағанды облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасары Бақтыгүл Әдікенованың айтуынша, осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіледі. "Қызметтік тергеу міндетті түрде жүргізіледі", - деп хабарлады ол. Айта кетейік, төтенше жағдай дерегі бойынша құқық қорғау органдары да алдын ала тергеу шараларын жүргізеді. Оқушылар "кәмелетке толмағандарды қарауға беру" бұлтартпау шарасымен жіберілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети