Солтүстік Қазақстан облысында бизнесмен әйел 8 наурызда мемлекеттік қызметкерлері кәмпит қорабын сыйлағаны үшін 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.
Солтүстік Қазақстан облысында бизнесмен әйел 8 наурызда мемлекеттік қызметкерлері кәмпит қорабын сыйлағаны үшін 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.
Іс материалдарына қарағанда, 7 наурызда бизнесвумен Елена Петрова облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтап, кеңсеге бағасы 600 теңге болатын кішігрім кәмпит қорабын қалдырып кеткен. Елена Петрова сол күні алкоголь өнімдерін алатын лицензияны алып кетуге келген.Алайда қызметкерлер әйелдің сыйлығынан бас тартып, қорапты алып кетуін сұраған. Бірақ ол кезде әйел ғимараттан шығып кеткен. Содан мемлекеттік қызметкерлер бұл жайлы қауіпсіздік қызметіндегілерге хабарлаған.
"Бұл қорапты нақты СҚО облысы бойынша МКД маманына әкелгенім жоқ. Сол кезде кеңседе үш әйел отырды. Мен оларға мемлекеттік қызметкерлер емес, әйелдер ретінде мерекелерімен құттықтадым. Өзім жемқорлыққа қарсы адаммын. Сол күні кездестірген әйелдердің барлығын 8 наурызбен құттықтаған болатынмын. (...), - деп түсіндірді әйел.
Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Асымбек Көшенов Елена Петрованы ҚР Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексінің 576-бабы бойынша айыпты деп танып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.