24 шілде 2014 | 15:49

Мемлекеттік сатып алуда бағаны тым жоғарылату деректері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті мемлекеттік сатып алу барысына мониторинг жүргізіп, тиімсіз қымбат баға ұсынымдарын анықтады. Атап айтқанда, жанар-жағар май, азық-түлік, форма киімдер, ұсақ тас сатып алу кезінде олардың сатып алу бағаларын асырып көрсету фактілері белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Әртүрлі мемлекеттік органдарға тауарлар сатып алу бойынша жоспарланатын бағаларды қайта қарау туралы тоғыз ұсыныс жолданды, олардың арасында "Қазақстан" орталық концерттік залы, "Қ. Мұнайтпасов атындағы олимпиадалық резерв даярлайтын республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" мемлекеттік мекемесі, "Қ. Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік мекемесі, Астана қаласының әкімдігі, "Астана-Зеленстрой" акционерлік қоғамы бар. Қаржы полициясы барлығы 64,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.  

"Қазақстан" Орталық концерттік залы мемлекеттік мекемесінің басшылары дизель отынына бағаны асырып көрсеткен. "Отынның литрін 102 теңгеден аукцион тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы шешім қабылданып, нәтижесінде 9,4 млн теңге мемлекет бюджетіне үнемделді", - дейді Астана қалалық Сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу 2-басқармасының басшысы Аслан Рыспаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети