Мемқызметкерлерге кәмпит қорабын сыйлаған әйел жарты миллион теңге айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемқызметкерлерге кәмпит қорабын сыйлаған әйел жарты миллион теңге айыппұл арқалады © pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында бизнесмен әйел 8 наурызда мемлекеттік қызметкерлері кәмпит қорабын сыйлағаны үшін 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында бизнесмен әйел 8 наурызда мемлекеттік қызметкерлері кәмпит қорабын сыйлағаны үшін 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Іс материалдарына қарағанда, 7 наурызда бизнесвумен Елена Петрова облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтап, кеңсеге бағасы 600 теңге болатын кішігрім кәмпит қорабын қалдырып кеткен. Елена Петрова сол күні алкоголь өнімдерін алатын лицензияны алып кетуге келген.Алайда қызметкерлер әйелдің сыйлығынан бас тартып, қорапты алып кетуін сұраған. Бірақ ол кезде әйел ғимараттан шығып кеткен. Содан мемлекеттік қызметкерлер бұл жайлы қауіпсіздік қызметіндегілерге хабарлаған.

"Бұл қорапты нақты СҚО облысы бойынша МКД маманына әкелгенім жоқ. Сол кезде кеңседе үш әйел отырды. Мен оларға мемлекеттік қызметкерлер емес, әйелдер ретінде мерекелерімен құттықтадым. Өзім жемқорлыққа қарсы адаммын. Сол күні кездестірген әйелдердің барлығын 8 наурызбен құттықтаған болатынмын. (...), - деп түсіндірді әйел.

Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Асымбек Көшенов Елена Петрованы ҚР Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексінің 576-бабы бойынша айыпты деп танып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети