13 наурыз 2014 | 12:46

Ми-8 тікұшағы апатын тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауын тергеу аяқталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. Тікұшақ "Евро-Азия Эйр" әуекомпаниясы" АҚ-на тиесілі болатын. "Тергеу әуе апатының күрделі метеорологиялық жағдайда және жеткілікті визуалды көру мүмкіндігі жоқ кезде болғанын көрсетті. Бұл ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің төтенше оқиғаны тексеру жөніндегі комиссиясының соңғы есептерінің қорытындыларымен расталды", - делінген хабарламада. Көлік прокурорларының айтуынша, қолайсыз ауа райына қатысты болжамға қарамастан, әуе көлігі командирі ұшуға шешім қабылдаған. Оған қоса, тікұшақ командирі күрделі ауа райы кезінде ұшуды басқара отырып, визуалды ұшу режимінен құралдар бойынша ұшу режиміне ауысар мезгілде әуе көлігінің кеңістік үстіндегі жағдайын бақылауға ие бола алмай қалған, сөйтіп, жетекшілердің ұшуды пайдалану жөніндегі талаптарын бұзған. "Қорытындылар ұшу экипажының кабинаішілік келіссөздерін талдау, ұшу ақпараттарын жинағыш құралдың шифрін ашу және басқа да табылған дәлелдер негізінде жасалып, оны авиация мамандары мақұлдады. Апаттың басқа нұсқаларының (авиация техникасының істен шығуы, отынның жеткіліксіздігі немесе сапасының тиісті деңгейде болмауы, диспетчерлік және метеорологиялық қызметтердің кінәсі, борттағы жарылыс немесе өрт) ешқайсысы тергеу барысында расталмады", - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында. Еске сала кетейік, 2012 жылдың қараша айында Ми-8 тікұшағы Алматы облысында - Алакөл көлі ауданында апатқа ұшыраған еді. Бортта болған сегіз адам түгел опат болды. "ҚазТрансОйл", "Қазақстан-Қытай құбыры" компанияларының жұмысшылары ұшу экипажы мүшелерімен бірге мұнай құбырын жоғарыдан бақылау мақсатымен әуеге көтерілген.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети