Микроавтобус мінген алматылық қоршауды соғып, қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Микроавтобус мінген алматылық қоршауды соғып, қашып кетті Фото Tengrinews.kz

Алматылық Ford Transit микроавтобусымен қоршауды соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық Ford Transit микроавтобусымен қоршауды соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Әуезов ауданындағы Достық шағынауданында болған. Ер адам жер үйдің темір қоршауын соққан. Жүргізуші бірден көліктен түсіп, қашып кеткен.

Алматыдағы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов жол апатынан ешкім зардап шекпегенін айтты. 

"Жүргізуші оқиға орнынан жаяу қашып кеткен. Іздеу бөлімі оның кім және қайда екенін анықтап жатыр. Жүргізуші анықталған соң жауапқа тартылады", - деді Шәріпов. 

Полициядағылардың айтуынша, микроавтобус ұрланған болуы мүмкін екені де тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети