17 қыркүйек 2014 | 11:50

Министр мектепте қайтыс болған баланың ата-анасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Сәрінжіпов. ©Тengrinews.kz Аслан Сәрінжіпов. ©Тengrinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы мектепте қайтыс болған оқушының ата-анасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы мектепте қайтыс болған оқушының ата-анасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біріншіден, бұл - үлкен трагедия, сондықтан баланың ата-анасына, туыстарына көңіл айтқым келеді. Қазір тергеу жүріп жатыр, сондықтан ол аяқталғанша қандай да бір мәлімет беруден бас тартар едім. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерге келсек, арнайы комиссия құрылып отыр, ол барлық детальді қарап, шешім қабылдайды. Қабылданған шешім туралы хабардар ететін боламыз. Құзырлы органдар жұмысы аяқталмайынша, мен түсінік беруден бас тартамын", - деді Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң.

Еске сала кетейік, бұл оқиға жуырда ертеңгілік мезгілде Астанадағы №76 мектеп-лицейде тарих пәні сабағында болды. 13 жастағы бала сыныптасын кеуде тұсынан қаламсаппен ұрған. 8-сынып оқушысы алған жарақатынан "жедел жәрдем" көлігінде қайтыс болды. Мектеп директорының айтуынша, оқушылар арасында төбелес пен дөрекі ұрыс-керіс болмаған, олар жай ғана өзара келіспей қалған.

Астана прокуратурасының қызметкері Жасұлан Сәрпеков сыныптасын қаламсаппен өлтірген баланың психикалық ауытқуы болғанын хабарлады. "2013-2014 жылдары ол үйден білім алды. Жасөспірім психикалық ауытқуы бар адамдардың тізімінде тұрған", - деді Сәрпеков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети