Министр Нұр-Сұлтандағы мектепте шу шығарған антиваксерлер туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы №58 мектеп-гимназияда шу шығарған антиваксерлер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы №58 мектеп-гимназияда шу шығарған антиваксерлер туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігі басшысының айтуынша, мектепте ішкі тәртіп бұзылып, сабақтар тоқтап қалу қаупі төнген. Ол білім беру мекемесі дер кезінде алгоритм бойынша шара қолданбағанын айтты.

"Жалпы, бұл жағдай балалар қауіпсіздігіне қатер төндірді деуге болады. Ең маңызды құндылық - балалар қауіпсіздігі мен өмірі. Мектеп пен кез келген білім беру ұйымы толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек. Бұл мектепке шынайы тексеру болды, бірақ реакция мүлдем қанағаттанарлықсыз. Олар мүлдем басқа адамдар болса ше? Оның үстіне бұл заңбұзушылық бірнеше күннен кейін белгілі болды. Яғни мектеп дер кезінде, тиісті шара қолданбады, деректі жасырды, әрекетсіздік танытты деуге болады", - деді министр аппарат отырысында.

Елордалық Білім басқармасы бастығының орынбасары міндетін атқарушы Асыл Амангелдиева оқиға 5 қазанда болғанын айтты. Оның айтуынша, сол кезде мектеп директоры жиналысқа кеткен екен.

"Осы кезде мектепке үш әйел келіп, тәртіп сақшыларымен төбелескен. Бастапқыда олар мектеп директорымен кездесуге келгенін айтты. Олар күзетші мен дәрігерлерге қол көтерді. Мектеп әкімшілігі оларды жалған ақпарат таратқаны және күш қолданғаны үшін сотқа берді", - деп түсіндірді ол.

Министр Қазақстандағы мектептерде тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

"Директор басқа мәселемен айналысқан кезде мектепте күзет болмай ма сонда? Мұндай себепті айтудың қажеті жоқ. Бұл қабылданбайды. Екіншіден, осындай жағдайлар үшін күзет мамандандырылсын деп арнайы тапсырма бердік. 

Бұл жағдай мәселе толық шешілмегенін көрсетеді. Сондықтан қарашаның екінші жартысында республика бойынша қосымша тексеру жүргізіледі. Уақыт берілді, шешімі бар, қаражат бөлінді - мәселені шешуге мүмкіндік бар. Қайталап айтамын, ең басты міндет - балалар қауіпсіздігі", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Еске салайық, 26 қазанда Айна Бакеева мен тағы екі әйел Нұр-Сұлтандағы №58 мектеп-гимназиясына келіп, шу шығарған. Олар "мектеп әжетханасында балаға екпе салынды" деп видео түсіріп, директормен кездесуді сұраған. Кейін бұл ақпаратқа қатысты астаналық Білім басқармасының баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, №58 мектеп-гимназиясына үш әйел келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro