Шымкентте адамдар уланған балмұздақ үй жағдайында жасалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.
Шымкентте адамдар уланған балмұздақ үй жағдайында жасалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан бойынша департаменті Шымкенттегі адамдардың жаппай улануын тексере бастады. 2018 жылдың 29 наурызынан 30-на қараған түні Шымкент ауруханасына 61 адам улану қаупі бойынша қаралды. 41 адам ауруханаға жатқызылды (оның ішінде 20 бала), 20 адамға амбулаториялық ем тағайындалды. Алдын ала диагноз өткір ішек инфекциясы және тағамдық токсикоинфекция", - делінген хабарламада.
Уланған адамдардың балмұздақты Республика даңғылында М. Ешмұратова атты жеке кәсіпкерге тиесілі орыннан алғаны айтылып отыр.
"Алдын ала мәлімет бойынша балмұздақ қоспасы үй жағдайында дайындалған. Осыған байланысты тексеріс жұмыстары басталды. Ешмұратова өзінің кәсібін бастағанын мемлекеттік органдарға хабарламаған. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрілгінің қадағалауында. соынмен қатар, Шымкенттің Әл-Фараби аудандық ІІБ бұл дерекке қатысты іс қозғады.