Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кетті: оқиға видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кетті: оқиға видеоға түсіп қалған видео кадры

Астанадағы Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кеткен сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кеткен сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосын елордалық Полиция департаменті жриялады. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен адам қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді", – делінген департамент таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бүгін елорда орталығында көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Оқиға Министрліктер үйінің маңында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети