Мұнай өңдеу зауытындағы өрттен үш адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай өңдеу зауытындағы өрттен үш адам зардап шекті

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында "Вернал Ойл Қазақстан" ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы Асқар Төлешевке сілтеме жасап.

Төтенше оқиға туралы 16 шілде күні сағат 22.06-де мәлім болды. Өрт шағын өңдеу зауытында шыққан. Көлемі 5000 текше метр болатын мұнай резеруарында тұтанған жалын бірден жайылған. Құтқарушылардың мәліметінше, зауыттың 380 шаршы метрін өрт шалды. "Оқиға орнына 19 техника жіберілді, өртті сөндіруге барлығы 101 адам жұмылдырылды", - деп хабарлады басқарма бастығы.

Өрт сағат 03.25-те залалсыздандырылды. Жалынның жақын маңдағы жанармай, мазут резервуарларына таралуына жол берілмеді. Төтенше оқиға кезінде "Вернал Ойл Қазақстан" кәсіпорнының үш қызметкерінің зардап шеккені туралы ақпарат бар. Олардың денесін 15-тен 40%-ға дейін күйік шалған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Екі жыл бұрын Атырау облысындағы мұнай өңдеу зауытында өрт болған еді. Ол кезде мұнай айдау қондырғысы өртенген болатын. Зардап шеккендер болмады, өрт бір сағаттай уақыт шамасында ауыздықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети