15 қаңтар 2015 | 16:24

Мұз қалашықты соғып кеткені үшін жүргізу куәлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ledovydom.ru ©Ledovydom.ru

Қостанай облысында мұз қалашықты соғып кеткен жүргізуші жүргізу куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды "Алау".


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында мұз қалашықты соғып кеткен жүргізуші жүргізу куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды "Алау".

Оқиға 4 қаңтарда Лисаковскте болды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, мұз қалашықтың қоршауын соққан. Бұдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Ол сотқа әкімшілік құқықбұзушылықты бірінші рет жасап отырғанын, осыған байланысты қорқып, сасып қалғандықтан оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты.

"Істі қарағаннан кейін Лисаковск қалалық соты ер адамды әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты", - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Мұнымен қатар, жүргізушіге бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқынан айыру түріндегі әкімшілік айыппұл салынды. Соттың үкімі заң күшіне енген жоқ - жүргізуші 15 күн ішінде шағым бере алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети