01 қараша 2015 | 09:54

Мысырда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының денелерін іздеу жұмыстары жақын арада аяқталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RT телеарнасы © RT телеарнасы

Мысырда апатқа ұшыраған A-321 ұшағындағы жолаушылардың денелерін іздеу жұмыстары жақын арада аяқталады, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучковқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мысырда апатқа ұшыраған A-321 ұшағындағы жолаушылардың денелерін іздеу жұмыстары жақын арада аяқталады, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучковқа сілтеме жасап.

"Енді бірнеше күннен кейін мысырлық әріптестерімізбен бірге қаза тапқандардың денесін іздеу жұмыстарын аяқтаймыз. Сонымен қатар, әр отбасыға қажетті көмек көрсетіледі", - деді министр. Ол қазір Росавиация басшысымен бірге Каирде жүр.

Ресей ТЖМ-нің тағы бір ұшағы қажетті құралдарымен бірге Мысырға барғаны хабарланды. Еске сала кетейік, 31 қазанда "Когалымавиа" әуе компаниясының Airbus А321 лайнерімен 9268 Шарм-эль-Шейх - Санкт-Петербург рейсі кезінде байланыс үзілген еді. Бұл мәліметті Росавиация өкілдері растады. Ұшақтың 1,5 шақырымда дереу биіктік жоғалтқаны, кейін радар экрандарынан жоғалып кеткені хабарланды. Ресей ТЖМ қызметтері жоғары дайындықтағы режимге өтті. Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақ бортында қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети