17 қараша 2023 10:55

Нан алуға шыққан: Сәтбаевта тұрғынның басына карниз құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ұлытау облысы Сәтбаевта нан сатып алу үшін дүкенге шыққан әйелдің басына тұрғын үй ернеуінің сынығы құлады. Зардап шегуші жедел түрде ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Ұлытау облысы Сәтбаевта нан сатып алу үшін дүкенге шыққан әйелдің басына тұрғын үй ернеуінің сынығы құлады. Зардап шегуші жедел түрде ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындар бес қабатты ғимарат апатты жағдайда екенін, жөндеу қажет екенін айтты.

"Мен екі жарақат алдым. Бас жарақаты, екі жарақат: 10 сантиметр және 4 сантиметр. Қазір міне екі күн бойы төсекте жатырмын. Барып денсаулығыма байланысты демалыс аламын. Менің жарақатыма байланысты өте ұзақ уақыт еңбек демалысына шығу керек екен", - деді жәбірленуші Светлана Головко.

Оқиға орны қоршалған. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бүгінде Сәтбаевта 19 үй апатты, 6 үй апатты жағдайға дейінгі күйде, 251 ғимарат тозығы жеткен деп танылды.

"Тұрғын жеке хабарласпады, дөңгелек үстел өткіздік. "Сүйікті қала" қызмет көрсету мекемесі барлығынан хабардар. Оларға заң бойынша не істеу керек екенін, халықпен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндірдік. Өйткені, тұрғындар сервистік жедел қызмет үшін ақы төлейді", - деді тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Жадыра Сейілова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети