11 желтоқсан 2014 | 12:24

Нашақорлар мен маскүнемдерді емдеу орталығынан заңсыз діни бірлестік табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kids.amur.net ©kids.amur.net

Полицейлер Павлодар ауданының Сычевка ауылындағы "Нашақорлар мен маскүнемдерді қайта қалпына келтіру орталығы" қоғамдық бірлестігінде тіркелмеген діни бірлестіктің барын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Павлодар ауданының Сычевка ауылындағы "Нашақорлар мен маскүнемдерді қайта қалпына келтіру орталығы" қоғамдық бірлестігінде тіркелмеген діни бірлестіктің барын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қоғамдық бірлестік мекемелерінің бірі - топ адамдардың діни-протестанттық рәсім жасайтын орны болған, ал бұл осы бірлестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нормасына сәйкес келмейді.

Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасының анализ және конфессияаралық қарым-қатынастарды дамыту орталығының мамандары зерттеу жүргізіп, бірлестіктің деструктивті қызмет жасайтынын және балалар мен реабилитациядан өтіп жатқандардың денсаулығына зиян келтіретінін анықтады.

"Осы орталықтың басшылығына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 374-бабының 1 және 2-бөлімінде қарастырылған "Қоғамдық бірлестік жетекшілері, мүшелері немесе қоғамдық бірлестіктің осы қоғамдық бірлестіктердің жарлықтарымен бекітілген мақсаттар мен міндеттеріне жатпайтын әрі ҚР заңнамасын бұзатын әрекеттерін жасау" бойынша әкімішілік іс қозғалды. Материал әкімшілік сотқа қарастыруға жіберілді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети