Сурет "Астана" телеканалынан алынған
"Астанадағы қалалық бірінші ауруханадан қашып кеткен науқастың өлі денесі сол медициналық мекеменің ауласындағы қар астында бір ай жатқан. Жоғалған науқас, 44 жастағы Бақытжан Орынбаевтың өлі денесін аурухана ауласындағы қарды тазалауға келген коммуналдық мекеме қызметкерлері кездейсоқ тауып алған" деп хабарлайды, Tengrinews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Бір ай бұрын науқас жұмбақ жағдайда ауруханадан қашып кеткен. Науқастың туыстары полицияға және бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінген. Алайда іздеу еш нәтиже бермеген. Сөйтсе, Бакытжанның өлі денесі бір ай бойы аурухана аумағындағы қар астында жатқан екен. Полиция алып кетпей жатып марқұмның ағасы өлі денені бірнеше рет суретке түсіріп алыпты. Суреттен ер азаматтың жоғарыдан құлап, аяғын сындырғаны байқалады, сондай-ақ қарын тұсында да жарақат бар. Десе де, марқұмның құлаған сәтте жантәсілім еткені не суықтан қатып өлгенін дөп басу айту қиын. Енді, өлімнің себебін сарапшылар анықтайтын болады. Бақытжан Орынбаевты қолындағы күйік шалған жараның асқынуы себепті Астанадағы бірінші қалалық ауруханаға 19 қаңтар күні жатқызған. Арадан бірнеше сағат өткенде аурухана қызметкерлері Бақытжанның туыстарына оның қашып кеткенін хабарлаған. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, науқасты жеделсатыға дейін ертіп барған санитар әйел есіктің ашылуын күтіп тұрған сәтте Бақытжан ғайып болған. Ауруханадағылар науқастың қайда қашып кеткенін, одан әрі не болғанын, мұндай жағдайға қалай душар болғанын білмейді.
"Астанадағы қалалық бірінші ауруханадан қашып кеткен науқастың өлі денесі сол медициналық мекеменің ауласындағы қар астында бір ай жатқан. Жоғалған науқас, 44 жастағы Бақытжан Орынбаевтың өлі денесін аурухана ауласындағы қарды тазалауға келген коммуналдық мекеме қызметкерлері кездейсоқ тауып алған" деп хабарлайды, Tengrinews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Бір ай бұрын науқас жұмбақ жағдайда ауруханадан қашып кеткен. Науқастың туыстары полицияға және бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінген. Алайда іздеу еш нәтиже бермеген.
Сөйтсе, Бакытжанның өлі денесі бір ай бойы аурухана аумағындағы қар астында жатқан екен. Полиция алып кетпей жатып марқұмның ағасы өлі денені бірнеше рет суретке түсіріп алыпты. Суреттен ер азаматтың жоғарыдан құлап, аяғын сындырғаны байқалады, сондай-ақ қарын тұсында да жарақат бар. Десе де, марқұмның құлаған сәтте жантәсілім еткені не суықтан қатып өлгенін дөп басу айту қиын. Енді, өлімнің себебін сарапшылар анықтайтын болады.
Бақытжан Орынбаевты қолындағы күйік шалған жараның асқынуы себепті Астанадағы бірінші қалалық ауруханаға 19 қаңтар күні жатқызған. Арадан бірнеше сағат өткенде аурухана қызметкерлері Бақытжанның туыстарына оның қашып кеткенін хабарлаған. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, науқасты жеделсатыға дейін ертіп барған санитар әйел есіктің ашылуын күтіп тұрған сәтте Бақытжан ғайып болған. Ауруханадағылар науқастың қайда қашып кеткенін, одан әрі не болғанын, мұндай жағдайға қалай душар болғанын білмейді.