"Найзағай түсті". Алматыдан шыққан "Эйр Астана" ұшағы әуежайға оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Найзағай түсті". Алматыдан шыққан "Эйр Астана" ұшағы әуежайға оралды Фото: Hommes.kz

Алматыдан ұшып шыққан "Эйр Астана" ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдан ұшып шыққан "Эйр Астана" ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 9 тамызда кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесімен болған. Ұшақ 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды. 

"Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың түсу іздері табылған жоқ", - деді "Эйр Астана" әуекомпаниясының өкілі.

Әуе кемесі пайдалануға берілгені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course up  588.2  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети