23 қараша 2023 | 12:18

Неге өмірін қауіпке тігеді: тараздықтар жолды кесiп өту себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Таразда рейд барысында 414 жаяу жүргiншi жауапкершiлiкке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда рейд барысында 414 жаяу жүргiншi жауапкершiлiкке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу iс-шарасын өткізудің алғашқы 2 күнінде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы ("Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамауы") бойынша 414 жаяу жүргіншіні жолды белгіленбеген жерден кесiп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Жаяу жүргіншілердің өлімінің немесе жарақаттануының ең көп тараған себебі – жолды кез келген жерден кесiп өту әдеті. Негізінен балалы аналар мен жасөспірімдер жолда жүру ережесiн бұзатыны анықталып отыр. Балалар әрқашан ересектерге, ең алдымен ата-анасына еліктейтінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан үлкендер қай жерде де тәртiп пен жауапкершiлiктiң үлгiсiн көрсете бiлуi қажет", – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының мiндетiн атқарушы Серік Алдыбеков.

Жауапкершiлiкке тартылған азаматтар жолды кесiп өту себебiн әр қалай түсiндiрдi.

"Бiрi асықтым десе, кейбіреулері жақын арадағы жаяу жүргіншілер өткеліне баруға ерiнгенiн айтты. Ал ендi бiрi көлiк жүргізушілерiнiң өткiзiп жiберетiнiне сенiмдi болдым деп жауап бердi. Көбінесе мұндай жаяу жүргіншілер өз әрекеттерінің қауіптілігін түсінеді және соған қарамастан осындай қадамдар жасайды. Бұл өз кезегiнде адамның жеке басы үшін ғана емес, айналасындағылардың өмірі үшін де жауапкершілігінің төмендігін көрсетеді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети