27 сәуір 2015 | 17:37

Непалдағы жер сілкінісі: Жоғалып кеткен қазақстандық азаматша байланысқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Непалдағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Елена Шерпа және Ресей азаматтары Юлия Вечернина мен Андрей Корыгин байланысқа шықты, - деп хабарлайды Govoritmoskva.ru "Ананта" туристік агенттігінің Непалда тұратын директоры Мария Ефимоваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Непалдағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Елена Шерпа және Ресей азаматтары Юлия Вечернина мен Андрей Корыгин байланысқа шықты, - деп хабарлайды Govoritmoskva.ru "Ананта" туристік агенттігінің Непалда тұратын директоры Мария Ефимоваға сілтеме жасап.

"Олар байланысқа шықты, Facebook әлеуметтік желісіне жазды. Қазір оларда байланыс жоқ, қуат та жоқ. Мен қалаға келдім. Мұнда ешқандай дүрбелең болып жатқан жоқ. Адамдар шатырларда тұрып жатыр. Бұл жақта дүкендердің көбі жабық, бірақ дәріханалар жұмыс істеп тұр. Жеміс-жидек те сатылу үстінде. Тіпті үлкен дүкен ашып қойған", - деді Ефимова. Айта кетейік, гид қызметін атқарған қазақстандық азамат Непалдағы жер сілкінісі кезінде Ресей азаматтарын тауға алып кеткен.

Осыған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі жер сілкінісі кезінде Непалда болған 11 қазақстандықпен байланыс орнатқанын хабарлаған болатын. "Непалдағы қазақстандық азаматтардың саны туралы ақпарат әртүрлі болуы мүмкін. Олардың көрші елдерге кетіп қалуы да ғажап емес", - деді СІМ өкілдері. Сонымен қатар, Непалдағы бес қазақстандықтың тағдыры белгісіз қалып отырғаны да хабарлаған болатын. Олардың қатарында Ольга Тропынина, Айбек Махамбетов, Айдан Қайыпов әйелі Марина Касенко және Елена Шерпа бар.

Айта кетейік, Қазақстан мен Непал арасында елшілік қатынас орнаған жоқ, дегенмен, СІМ мәліметі бойынша, Непал Қазақстанға қажетті көмекті беріп жатыр. Непалың елшілігінде тіркеуде тұрған ҚР азаматтары жоқ. ҚР азаматтарының бұл елге кіруі, шығуы және мекендеуі Қазақстан тарапына айтылмайды. Сәйкесінше, Непалдан ҚР азаматтарын ресейлік ТЖД арқылы әкелу үшін Ресей тарапымен келісіліп жатыр және біздің барлық азаматтарымызға Ресей федерациясының Катмандудағы мәдениет орталығына баруы кеңес етілді, онда эвакуация бойынша сәйкес штаб құрылды. ҚР азаматтары Үндістанға келгеннен кейін, оларға Нью-Делиде ҚР елшілігі көмек көрсетеді және оларды Нью-Делиден Алматыға жеткізуге қолғабыс етеді.

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 2,5 мың адам қаза тапты. Алапат зілзала жүздеген үй мен құрылысты бұзды. Сонымен қатар, Непалдағы тарихи жәдігер саналатын нысандаржы бүлдірді, 183 жыл бұрын салынған Джарахара ғимаратын бұзылды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл зілзала Непалда 80 жылдан бері болған ең ірі жер сілкінісі. Жер асты дүмпулері Үндістанда, Бангладеште және Тибетте сезілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети