Татьяна Караульная. Фото "Экспресс К"
Ақтөбелік отбасы несиеге пәтерді "сыйлығымен" қоса сатып алды, бұрынғы пәтер иелері тұрғын үйді балалар үйінде тұратын мұрагерлеріне еш ескертпестен сатып жіберген, деп жазады Tengrinews.kz "Экспресс К" газетіне сілтеме жасап. 2007 жылы Татьяна Караульная күйеуімен бірге банктен несие алып, үш бөлмелі пәтер сатып алған. Ерлі-зайыптылар көп қаражат шығындап, оған жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда төрт жылдан кейін оларға банк қызметкерлері хабарласып, сот арқылы пәтерді тартып алатынын, себебі оған үйдің мұрагерлері таласып отырғанын ескерткен. Таяуда ғана балалар үйінен шыққан ағалы-қарындасты ағайындылар үйді алуға арыз берген. 1997 жылы бұл пәтер жетімдердің ата-анасының иелігінде болған. Ерлі зайыптылар бейәлеуметтік өмір салтын ұстанғаннан кейін сот оларды ата-ана құқынан айырған. Осыдан кейін кішкентай ағайындылар балалар үйіне өткізілген. Арада біраз уақыт өткен соң жанұяның отағасы қайтыс болады, ал оның анасы, мұрагер әйел немерелерін ұмытып, пәтерді сатып жіберген. Осы ретте сот бұған тікелей балалардың әжесін кінәлі деп тапты, алайда ол бұл уақытта қайтыс болып кеткен. Осының салдарынан сот басқа пәтер берместен ерлі-зайыптыны, 90-жастағы енесімен бірге үйден шығарып жіберуге қаулы шығарған. "Енді біз не істейміз, қайда барамыз? Мен өзіме қол жұмсауға әзір тұрмын. Қазір біз жетімдердің үйін тартып алған алаяқ секілді болып қалдық. Оның үстіне күйеуім екеуміз басқа біреудің пәтерінде тұрғанымыз үшін банкке несие төлеп келеміз. Мен жұмыс істей де, ұйықтай да алмай қалдым. Осы үшін күйеуім екеуміздің арамызда жанжал туындап, ажырасудың сәл-ақ алдында тұрмыз",- дейді Караульная. Басылымның мәліметінше, табылған мұрагерлер жетімдер ретінде жеңілдетілген үй алуға кезекке тұрған екен. Олар мирастыққа өздерінің құқықтары барын мәлім етті. Дегенмен жеңілдетілген үйге тұрған кезектерінен айырылып қалмасы үшін ағайындылар мұрагерлік құқық туралы куәлікті тіркеуге асықпай отыр.
Ақтөбелік отбасы несиеге пәтерді "сыйлығымен" қоса сатып алды, бұрынғы пәтер иелері тұрғын үйді балалар үйінде тұратын мұрагерлеріне еш ескертпестен сатып жіберген, деп жазады Tengrinews.kz "Экспресс К" газетіне сілтеме жасап.
2007 жылы Татьяна Караульная күйеуімен бірге банктен несие алып, үш бөлмелі пәтер сатып алған. Ерлі-зайыптылар көп қаражат шығындап, оған жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда төрт жылдан кейін оларға банк қызметкерлері хабарласып, сот арқылы пәтерді тартып алатынын, себебі оған үйдің мұрагерлері таласып отырғанын ескерткен. Таяуда ғана балалар үйінен шыққан ағалы-қарындасты ағайындылар үйді алуға арыз берген.
1997 жылы бұл пәтер жетімдердің ата-анасының иелігінде болған. Ерлі зайыптылар бейәлеуметтік өмір салтын ұстанғаннан кейін сот оларды ата-ана құқынан айырған. Осыдан кейін кішкентай ағайындылар балалар үйіне өткізілген. Арада біраз уақыт өткен соң жанұяның отағасы қайтыс болады, ал оның анасы, мұрагер әйел немерелерін ұмытып, пәтерді сатып жіберген.
Осы ретте сот бұған тікелей балалардың әжесін кінәлі деп тапты, алайда ол бұл уақытта қайтыс болып кеткен. Осының салдарынан сот басқа пәтер берместен ерлі-зайыптыны, 90-жастағы енесімен бірге үйден шығарып жіберуге қаулы шығарған.
"Енді біз не істейміз, қайда барамыз? Мен өзіме қол жұмсауға әзір тұрмын. Қазір біз жетімдердің үйін тартып алған алаяқ секілді болып қалдық. Оның үстіне күйеуім екеуміз басқа біреудің пәтерінде тұрғанымыз үшін банкке несие төлеп келеміз. Мен жұмыс істей де, ұйықтай да алмай қалдым. Осы үшін күйеуім екеуміздің арамызда жанжал туындап, ажырасудың сәл-ақ алдында тұрмыз",- дейді Караульная.
Басылымның мәліметінше, табылған мұрагерлер жетімдер ретінде жеңілдетілген үй алуға кезекке тұрған екен. Олар мирастыққа өздерінің құқықтары барын мәлім етті. Дегенмен жеңілдетілген үйге тұрған кезектерінен айырылып қалмасы үшін ағайындылар мұрагерлік құқық туралы куәлікті тіркеуге асықпай отыр.