1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

"Інім, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білмейсің бе?" Бизнесмен полицейді балағаттаған 27 қараша 2020, 11:01

Павлодар облысында бизнесмен қауіпсіздік белдігін тағуды сұраған полицейді балағаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодар облысында бизнесмен қауіпсіздік белдігін тағуды сұраған полицейді балағаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға Павлодар облысындағы Шарбақты блокбекетінде болған.

"Mitsubishi L200 көлігінің 53 жастағы жүргізушісі құжаттарды тексеру үшін тоқтатылған. Өзінде және әйелінде Павлодарға кіруге рұқсат болған. Құжаттарды тексеріп жатқан кезде полиция қызметкері жүргізушіге қауіпсіздік белдігін тағу керегін ескерткен. Ал жүргізуші оған ашуланып жауап беріп, балағат сөздер айтқан", - дейді полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғалым Сарғұлов.

Жүргізушінің дөрекі әрекеті полицейдің видеожетонына жазылған.

Видеода ер адам полицейге "Інім, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білмейсің бе?" дейді ары қарай блокбекеттен өтпек болады. Бірақ полицейлер оны уақытша ұстау камерасына жеткізеді.

Павлодар әкімшілік сотының сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, құқықбұзушы павлодарлық бизнесмен, кезінде облыстық мәслихат депутаты болған.

"Ер адам құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысы бойынша жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады", - деді Сарғұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!