1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Нұр-Сұлтан мен ШҚО-да "егіз" көлік табылды13 тамыз 2020, 16:00

Елордада нөмірі бірдей екі Toyota Estima көлігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әкімшілік полиция қызметкерлері арнайы мониторинг барысында Нұр-Сұлтан аумағынан бір-біріне ұқсайтын көліктерді тапты. Барлық полиция құрылымына бұл көліктерді ұстау үшін мәлімет берілді.

11 тамызда бейнебақылау камераларын тексеру барысында көліктердің бірі ұсталды. Келесі күні екінші көлік ұсталды. Бұл автомобиль иелерінің айтуынша, олар көліктерді заңды түрде сатып алған. Сондай-ақ, олар жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлды кезектесіп төлеген", - дейді полиция қызметкерлері.

Көліктер коммуналды тұраққа қойылған. Тәртіп сақшылары тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бұл автомобильдерге ұқсайтын үшінші көлік Өскеменнен табылды. Нөмірі Е 658 ВН 138 РФ болатын Toyota Estima көлігінің иесі оның мекенжайына айыппұл келіп жатқанын айтты. Жүргізушінің айтуынша, ол бұл уақытта елордада болмаған", - дейді қалалық полиция департаментінің қызметкерлері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!