Нұр-Сұлтан орталығындағы өрт: қара түтін елорданың әр жерінен көрінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан орталығындағы өрт: қара түтін елорданың әр жерінен көрінеді

Нұр-Сұлтандағы Шұбар шағынауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы Шұбар шағынауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, шағынауданда жеке үй өртенген. Қою қара түтін қаланың әр жерінен көрінді.

Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына оқиға кадрларын жіберіп жатыр.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарына қарағанда, 30 қазанда сағат 11:40-та елордалық өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Нұр-Сұлтан қаласының Темірқазық көшесінде екі қабатты коттедж бен оған жапсарлас салынған уақытша құрылыстың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Сағат 11:47-де Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД күштері мен құралдары оқиға болған жерге жетті. Өрттің алдын ала аумағы 100 шаршы метр. Оны сөндіруге 19 қызметкер мен 4 техника жұмылды", - деді ресми өкіл.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети