ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2019 | 18:24
Нұр-Сұлтанда 28 жылқы қырылып қалған
Нұр-Сұлтанда жаңа қорым басында 28 өлі жылқы табылды. Жылқылардың иесі табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда жаңа қорым басында 28 өлі жылқы табылды. Жылқылардың иесі табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында, нақтырақ айтқанда Нұр-Сұлтан - Көкшетау айналма тасжолының солтүстік-шығыс бөлігіндегі жаңа моланың аумағында 28 өлі жылқы табылды", - делінген елордалық қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өлген жылқыларды КамАЗ жүк көлігімен "Экополигон" қоқыс аумағына шығарып, мобильді пеште өртеген.
"Өлген жылқылардан зерттеу жүргізу үшін бір бөлігі алынған", - делінген басқарма хабарламасында.
Полиция жылқылардың иесін іздестіріп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также