18 қыркүйек 2019 18:24

Нұр-Сұлтанда 28 жылқы қырылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Нұр-Сұлтанда жаңа қорым басында 28 өлі жылқы табылды. Жылқылардың иесі табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтанда жаңа қорым басында 28 өлі жылқы табылды. Жылқылардың иесі табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында, нақтырақ айтқанда Нұр-Сұлтан - Көкшетау айналма тасжолының солтүстік-шығыс бөлігіндегі жаңа моланың аумағында 28 өлі жылқы табылды", - делінген елордалық қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өлген жылқыларды КамАЗ жүк көлігімен "Экополигон" қоқыс аумағына шығарып, мобильді пеште өртеген. 

"Өлген жылқылардан зерттеу жүргізу үшін бір бөлігі алынған", - делінген басқарма хабарламасында. 

Полиция жылқылардың иесін іздестіріп жатыр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети