Нұр-Сұлтанда көлік жүргізуші үш жасар баланы қағып кетті. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда көлік жүргізуші үш жасар баланы қағып кетті. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде апаттың фотосы жарияланды. Автордың айтуынша, жүргізуші паркингтен шығып келе жатып қаққан.
"Жүргізушілер неге жылдамдықты баспайды? Көлік ішінде отырып баланы, әсіресе, олар велосипедпен, самокат және басқамен келе жатқанда көру қиын. Бала аман қалар деген үміттемін", - деп жазды пост авторы zhaloby_astana деген Instagram парақшасында.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменінің баспасөз қызметі оқиғаның 3 мамырда болғанын хабарлады.
"Сағат 16.00-ге қарай Ravon Nexia R3 көлігінің жүргізушісі (1986 жылы туған) Ш. Айманов көшесінде орналасқан үйдің паркингінен шығып келе жатқанда 2017 жылы туған баланы қағып кеткен. Апат салдарынан бала жарақат алған және ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады қалалық полиция.
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бала жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.
"Бала ауруханада жатыр, ота жасалды. Жағдайы ауыр. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство мамандары.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!