Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Нұр-Сұлтанда 5G бағанасының үстінен бұлт байқалды: әкімдік пікір білдірді 19 қазан 2021, 11:58

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аспанда көрінген қара түтін сақинасының кадрлары тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, фото Нұр-Сұлтанда
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аспанда көрінген қара түтін сақинасының кадрлары тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, фото Нұр-Сұлтанда түсірілген, ал қара түтін - 5G бағанасынан пайда болған графен бұлт, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, бұл тұжырым - фейк.

Шын мәнінде, аспандағы түтін сақинасы Ақмола облысының Қосшы қаласында байқалған. Оған графеннің де, 5G байланыс форматының ешқандай қатысы жоқ. Оның қайдан пайда болғанын қала әкімдігі түсіндіріп берді.

"Бұлт пеште көмірдің күрт жануынан (пештегі от лап етуінен) болған, ол дөңгелек құбыр арқылы шыққан түтіннен қалыптасқан. Яғни Қосшы қаласының жеке тұрғын үй секторында орналасқан пештен шыққан түтіннен. "Түтін табиғи құбылыс емес және қала тұрғындарына ешқандай зиян келтірмейді", - деді әкімдік өкілдері.

Мұндай "графен" сақиналардың видеосы мессенджерлерде бұған дейін де тараған болатын. Негізі, бұл белгілі бір жағдайлардың әсерінен сақина пішіндес болатын қарапайым түтін.

"Желіде осындай сақинаны әдейі шығаратын бейне бар. Оны істеу үшін ұшында глицерин бар сақиналы арнайы құрылғыны майлап, өртейді. Бұл кадрлар 2008 жылы Burning Man фестивалінде түсірілген. Осының бәрі аспанда түсірілген сақинаның графенге қатысы жоқ екенін, бірақ қарапайым түтіннен қалыптасқанын дәлелдейді", - делінген материалда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram