Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер аққуды таспен атып өлтірген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер аққуды таспен атып өлтірген © Fading.TSE қалалық платформасы/Видео кадры

Нұр-Сұлтандағы көлде аққудың өлігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы көлде аққудың өлігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының айтуынша, қос аққу жаз-күз бойы қала тұрғындары назарында болған. Олар жаз бойы балапандарымен көлді мекендеген. Аман қалған бес балапан әлі қанаттанып үлгермеген, сондықтан олар қазанда қалғандарымен бірге ұшып кетпеген. Сонымен қатар, құстар өздерін тамақтандырған елорда тұрғындарына үйреніп алған.

"5 қараша, жұма күні көлде ұсталған "Қызыл кітапқа" енген қызғылт қоқиқазды іздеу жұмыстары жүргізілді. Іздеу тобы тапқан жалғыз фламингоны ұстау мүмкін болмады, бірақ мұзда өлі күйінде аққу табылды. Белгілеріне қарағанда, құсты белгісіз біреулер таспен ұрған", - деп түсіндірді қалалық платформаның авторы Теміртас Ысқақов.

Оның айтуынша, бұл дерек Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторына хабарланып, тіркелген.

Теміртас Ысқақов: "осындай әдемі құсты таспен ұрып, балапандарын жетім қалдыру үшін қаншалықты тасжүрек болу керек екенін елестете алмаймын", - деп өкінеді.

"Кешір, сұлулық символы, сені сақтай алмадық", - делінген тикток-аккаунтында жарияланған видеода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети