15 тамыз 2019 17:13

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам автобуста жолаушылармен төбелескен

Нұр-Сұлтан қаласында белгісіз ер адам автобус жолаушысына шабуыл жасап, автобус салонында бұрыш спрейін шашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласында белгісіз ер адам автобус жолаушысына шабуыл жасап, автобус салонында бұрыш спрейін шашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға №9 автобуста болған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға сағат 10:00 шамасында болғанын хабарлады. Құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын шағымданған.

Оның айтуынша, ауызша қақтығыстан кейін белгісіз ер адам оған балоннан белгісіз сұйықтық шашып жіберген. Содан кейін ер адам жәбірленушіні аяғымен бетінен теуіп жіберіп оқиға орнынан қашып кеткен.

"Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша сот дейінгі тергеу басталды. Полиция өкілдері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша тергеу шараларын өткізіп жатыр", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети