Нұр-Сұлтанда БТР жеңіл көлікті соғып өтті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жол қиылыстарының бірінде БТР жеңіл көлікті соғып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда жол қиылыстарының бірінде БТР жеңіл көлікті соғып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

"Биыл 1 қыркүйекте сағат 7.35-те Нұр-Сұлтан-Қарағанды ​​тасжолы мен Армандастар көшесінің қиылысында Nissan Almera автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі патрульдік полицияның бастауымен келе жатқан 82-А БТР техникасына жол бермеуі салдарынан жол көлік оқиғасы болды. Көліктердің арнайы дыбыстық белгісі қосылған", - деді департаменттегілер.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Nissan Almera автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған. 

"Полиция департаменті арнайы дыбыстық белгісі косылған көліктерге жүргізушілер жол беруі керек", - деп қорытындылады полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети